Қарағанды облысында ескі техниканы қабылдайтын орындар пайда болды

14 Ақпан 2019, 09:47
2059
Бөлісу:
Қарағанды облысында ескі техниканы қабылдайтын орындар пайда болды

Астана, BAQ.KZ. Ескі электрониканы жинауға арналған бокстар облыстың төрт қаласында пайда болды. Жұмыс істемейтін гаджеттерді кәдеге жаратумен «Промотход Қазақстан» ЖШС компаниясы айналысады. 3 ай ішінде контейнерлер 104 тоннаға жуық ескі техниканы жинай алды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайты хабарлайды.

Электроникаға арналған қызғылт-сары контейнерлер өткен жылдың қараша айында орнатылды. 4 бокс Қарағандыда, 3 - Шахтинск қаласында, 2 - Саран қаласында және 3 - Абай қаласында орналасқан. Контейнерлерге істен шыққан шағын көлемді техниканы, мысалы, телефон, фотоаппарат немесе фен лақтыруға болады. Егер техника тоңазытқыш немесе титан секілді үлкен болса, онда компания қызметкерлері сіздің үйіңізге келіп, оны өздері алып кете алады.

«Телефон арқылы қоңырау шалу жеткілікті, біздің оператор ірі көлемді техниканы шығаруға өтінім қабылдайды. Белгіленген күні жүк тиеушілері бар көлік келіп, қажеті жоқ ескі техниканы шығарып алып кетеді», - дейді ЭЭЖҚ жинау жөніндегі жетекші Карина Бенцель.

Контейнерлерден алынатын ескі техниканы компания зауытына тасымалдайды. Мұнда арнайы цехта оны бөлшектейді. Қара және түсті металдар, пластик, шыны және зиянды заттар бөлінеді. Улы қалдықтар, мысалы, сынап дереу тазартылады және зарарсыздандырады. Контейнерлердің толық емес 3 ай жұмыс істеген аралығында компания 104 тоннаға жуық электрониканы жинап, кәдеге жаратқан.

«Қоршаған ортаны қорғаудан басқа, біз ескі техникаға жаңа өмір береміз. Мысалы, пластикті біз ұсақтаймыз және қайта өңделген материалдардан жасалған бұйымдар өндірумен айналысатын компанияларға жібереміз. Теледидар корпусы пластикалық терезелерге арналған жақсы фурнитура болуы мүмкін», - деді «Промотход Қазақстан» ЖШС директорының орынбасары Алексей Петров

Ескі техниканы тапсыру үшін сыйақы да алуға болады. Ол үшін қалдықтарды жинау пункттеріне бару керек. Әр килограмм электроника үшін сізге 20 теңге төленеді.

Қалдықтарды жинау компаниясы ескі электроника үшін ірі сауда үйлерінің жанында да контейнерлер орнатуға дайын. Ол үшін ғимарат иелеріне компанияға өтініш беру керек. Мамандар арнайы алаңды тегін жабдықтап, бокстар орнатады.

Қарағанды облысында ескі электрониканы қабылдайтын контейнерлер қайда орналастырылған?

Қарағанды

Әлиханов көшесі 8

Әлиханов көшесі 5 (Кәсіподақтар үйі)

Бұқар Жырау даңғылы 47

Бұқар Жырау даңғылы 63

Шахтинск

Ленинградская көшесі 46

Карл Маркс көшесі 46

Жеңістің 40 жылдығы көшесі, 44 үй

Саран

Рабочая көшесі 2

Жамбыл көшесі 59

Абай

Таир дүкені

Жуковский ЖК,

Мерей СО базарының аумағы

Қарағандыдағы ескі электроника қабылдайтын орындар:

Қазақстан көшесі 5, (2 қатар, 7 контейнер),

Казамета базары

Ушаков көшесі 1А (Қалдықтарды жою зауыты)

Электрониканы қабылдауға арналған контейнерлерге не тастауға болады?

Ноутбуктер

Компьютерлік құрамдас бөлшектер

Ұялы телефондар

Шаңсорғыштар

Фендер

Электро құралдар

Фотоаппараттар

Радиоқабылдағыштар

Жұмыс істемей қалған қандай теxниканы үйіңізден алып кете алады?

Теледидарлар

Жылытқыштар

Кір жуғыш машиналар

Электропештер

Сканерлер және принтерлер

Тоңазытқыштар

Кондиционерлер

Қысқа толқынды пештер

Ескірген теxниканы алып кетуге өтініш беруге арналған телефон нөмірі:

+7 708 439864

8 7212 398464

 

 

Өзгелердің жаңалығы