Қарағанды облысында экологиялық акция жалғасуда

2 Тамыз 2019, 19:31
1314
Бөлісу:
Қарағанды облысында экологиялық акция жалғасуда

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды өңірінде «Бірге – таза Қазақстан» экологиялық акциясы жалғасуда. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Алдағы сенбі, 3 тамыз күні, Қарағанды қаласында кіші және үлкен Бұқпа өзендерінің арналарын тазалау, Мемлекеттік орман қорының аумақтарын тазарту, Қарағанды-Теміртау трассасының бойындағы, Методическая көшесі мен 15 магистраль бойындағы қалалық орман екпелерін абаттандыру, сондай-ақ қала шетіндегі рұқсат етілмеген қоқыс тастайтын жерлерді жою жұмыстары жалғастырылады.

Барлық сұрақтар бойынша қалалық әкімдікке 42-59-41, 42-10-51 телефондары бойынша хабарласуға болады.

Өзгелердің жаңалығы