«Bastau Бизнес» бойынша 1000 адам оқыды

24 Қыркүйек 2019, 06:10
1200
Бөлісу:
«Bastau Бизнес» бойынша 1000 адам оқыды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының мыңдаған тұрғыны «Bastau Бизнес» бағдарламасы бойынша кәсіпкерлік негіздерін меңгеру бойынша оқытудан өтті. Бұл туралы Өңірлік кәсіпкерлер палатасының директоры Ернар Күлпеисов аппарат жиналысында мәлімдеді.

Биыл білім беру жобасына 3700 адам қатысады. Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбекті бағдарламаның түлектерін жұмысқа орналастыру мәселесі қызықтырды.

«619 тыңдаушы 1,7 млрд. теңге сомасына шағын несиелер мен гранттар алды. «Жас кәсіпкер» жобасы бойынша 1350 адам оқытылды. 468 жас кәсіпкер өздерінің бизнес-жоспарларын іске асыруға 224 млн. теңге сомасында грант түрінде қаржыландырылды», - деп жауап берді Ернар Күлпеисов.

Аймақ басшысы бизнес-жаттықтырушылардың біліктілігі мен саны туралы сұрады. Ернара Күлпейісовтың айтуынша, барлық оқытушылар қатаң іріктеуден өтіп, бір ай бойы арнайы дәріс курсын тыңдауға міндетті. Тек осыдан кейін ғана жұмысқа жіберіледі. Қазір Қарағанды облысында жас кәсіпкерлерді 16 коуч оқытады.

Жеңіс Қасымбек аппараттық жиналыста бюджет пен мемлекеттік сатып алу жүйесінің игерілуіне мониторинг қалай жүргізілетіні туралы мәселені көтерді. Оның айтуынша, қазір бұл жұмыс қолмен орындалады, ол өз кезегінде көбінесе деректердің дұрыс көрсетілмеуіне әкеп соғады. Өңір басшысы бюджет қаражатын есептеу кезінде қателердің ықтималдығын болдырмау үшін мониторинг процесін автоматтандыруды тапсырды.

Өзгелердің жаңалығы