Қарағанды облысында ауылдар дамып жатыр

5 Қараша 2019, 04:53
2026
Бөлісу:
Қарағанды облысында ауылдар дамып жатыр

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қарағанды облысының үш ауылында "Ауыл – ел бесігі" жобасы бойынша жолдар, ауруханалар мен мектептер жөнделеді, электр және кәріз желілері қайта жаңартылуда. 2019 жылы республикалық бюджеттен бұл мақсатта 1 млрд 489,1 млн теңге бөлінді.

Облыс әкімдігінің баспасөз қызметінен хабарлағандай, "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасы жалпы ел бойынша осы жылдың ақпан айында бастау алды. Өңірлерде өсу және тұрақты даму нүктелері болуы тиіс әлеуетті ауылдар анықталды. Арнайы жоба олардың өмір сүру сапасын жақсартуға және өмір сүрудің қолайлы ортасын құруға көмектеседі.

Қарағанды облысында үш ауданға басымдық берілді. Бұл Жаңаарқа ауданындағы Атасу кенті, Нұра және Ұлытау кенттері. 

"Ауыл – ел бесігі" бағдарламасының облыста қалай жүзеге асырылып жатқаны туралы Қарағанды облысының экономика басқармасы басшысының м.а. Гүлмира Әбішева аппараттық жиналыста баяндады.

Атасуда қазір 2 жоба аяқталуда. 8 жұмыс орындалды. Мұнда көшелер жөнделіп, электр желілері өткізілді, 60 жарықтандыру тіректері орнатылды. Сонымен қатар қазандық, тазарту құрылыстары мен балабақша жөнделді. Нұра ауылында 5 жоба аяқталды, тағы бір жоба жұмыс істеуде. Аудан орталығында үш көшеде шам бағаналар орнатылды, стадион, өлкетану мұражайы және балалар өнер мектебі жөнделіп, кент ішіндегі бес жол ретке келтірілді. Ұлытау ауылында жоспарланған он жобаның алтауы аяқталды. Мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ғимаратының қасбеті, эстрада, балабақша, №1 мектеп, мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ретке келтірді. Сәтпаев көшесі бойындағы кентішілік жол жөнделді, - деді Гүлмира Әбішева. 

Қарағанды облысының әкімі Жеңіс Қасымбек барлық әкімдерге 2020 жылға арналған жобалардың қосымша тізбесін және "Ауыл – ел бесігі" бағдарламасына енген әрбір елді мекен бойынша Дамудың жол картасын әзірлеуді тапсырды.


Өзгелердің жаңалығы