Қарағанды облысында Алғыс айту күні аясында қайырымдылық акциясы өтті

4 Наурыз 2019, 16:02
3697
Бөлісу:
Қарағанды облысында Алғыс айту күні аясында қайырымдылық акциясы өтті

Астана, BAQ.KZ. Мемлекет басшысының 2016 жылдың 14 қаңтардағы №173 қаулысына сәйкес Қазақстанда жаңа мейрам – Алғыс айту күні пайда болды. 1 наурызда осы мейрамды тойлау құжаттармен мәртебелі түрде бекітілді. Соған орай Қарағанды облысы Саран қаласындағы ҚАЖД қайырымдылық акциясын өткізді.

ХХІІ халық Ассамблеясында Қазақстанның Бас қолбасшысы сөзінде осы күнге қатысты ойымен бөліскен болатын.

"Бұл күн барлық қазақстандықтың бір-біріне деген қайырымдылығы, достығы мен махаббатын білдіретін жарқын мейрам бола алады", - деп атап өткен Нұрсұлтан Назарбаев.

Аталған күнге орай Қарағанды облысы Саран қаласындағы ҚАЖД пробация қызметімен бірге Саран қаласының прокуратурасы және ҚОФ ОО ҚР Қызыл жарты ай қоғамының қолдауымен «Мейірімді сәлемдеме» қайырымдылық акциясы ұйымдастырылды. Шараға ҚОФ ОО ҚР Қызыл жарты ай қоғамының басшысы Т.А. Абрамов, Саран қаласы әкімдігінің ішкі саясат бөлімінің басшысы Ғалия Төртбаева қатысты.

"35 отбасының ішінде көмекке зәру отбасылар аяқ киім, кір жуатын және ыдыс жуатын құралдармен қоса, балаларға арналған тәттілерді ұсынды. Шақырылғандардың арасынан ешкім де бос қол қайтпады, бәрі де ризашылығын білдіріп, шын көңілден алғыстарын жылы сөзбен жеткізді", - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы