Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығына 4500-ден астам қоңырау түсті

31 Шілде 2019, 19:29
1783
Бөлісу:
Қарағанды облысы Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығына 4500-ден астам қоңырау түсті

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Өңірдің Денсаулық сақтау басқармасында медициналық «жедел желі» жұмысының қорытындысы шығарылды. Бұл туралы Қарағанды облысы әкімдігінің ресми сайтында хабарланды.

Баспасөз қызметінің мәліметінше, жыл басынан бері Call-орталыққа 4693 адам хабарласқан. Тұрғындардан келіп түскен қоңыраулардың көп бөлігі анықтамалық ақпараттарға қатысты, олар – 3237.

«Біздің мамандарға көбіне адамдар медициналық ұйымның телефонын білуге, қандай да бір мәселемен қай дәрігерге бару керектігін немесе «порталға тұру үшін» қандай құжаттар жинау керек екенін білу үшін хабарласады», - дейді Call-орталықтың жетекшісі Татьяна Коростелева.

Өткен жылмен салыстырғанда дәрігерлер мен медициналық ұйымдарға шағымдар саны 25% төмендеген. Алайда, адамдардың әлі де мамандарға жазылу мен ауруханаға жатқызу ережелері көңілдері толмайды. Бұл сұрақтарды Call-орталық операторлары «осы жерде және қазір» әдісі бойынша шешеді. Науқастан немесе оның туысынан қоңырау түссе, «жедел желі» маманы бірден медициналық ұйымға хабарласып, туындаған барлық мәселелерді шешеді. Бірнеше күннен соң оператор қажетті көмек көрсетілді ме және накқастың оған көңілі толды ма, осы мәселелерді білу үшін медициналық ұйымға «шешуші қоңырау» шалады.

Денсаулық сақтау басқармасының Call-орталығы (тел.9-5555-9) 2014 жылдың қыркүйегінен бастап жұмыс істейді. Штатта кәсіби психологиялық білімі бар 3 маман бар. «Жедел желіге» қоңыраулар жұмыс күндері сағат 9.00 мен 18.00 аралығында қабылданады. Басқа күндері хабарлама қалдыруға болатын автожауапбергіш жұмыс істейді.

Өзгелердің жаңалығы