«Әр туындым өз балам сияқты»: Алматыда белгілі суретші Батима Зәуірбекованың жеке көрмесі ашылды

30 Қыркүйек 2026, 17:52
АВТОР
 ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина 30 Қыркүйек 2026, 17:52
30 Қыркүйек 2026, 17:52
136
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Алматыдағы Әбілхан Қастеев атындағы ҚР Мемлекеттік өнер музейінде белгілі суретші Батима Зәуірбекованың 80 жылдық мерейтойына арналған «Мұра жіптері» атты жеке көрмесі ашылды. Экспозицияда қылқалам шеберінің көпжылдық шығармашылық жолын айшықтайтын туындылары ұсынылып, ұлттық мұра мен дәстүр сабақтастығы көркем өнер арқылы көрермен назарына ұсынылды, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бүгінгі іс-шараға қала әкімі Дархан Амангелді арнайы келіп, Батима Зәуірбекованы құттықтап қайтты. 

Батима Зәуірбекова ұлттық гобелен өнерінің қалыптасуы мен дамуына айрықша үлес қосқан дарынды суретші. Оның шығармашылығында қазақ халқының тарихы мен мәдениеті, отбасы құндылығы көрініс тауып отыр. Суретші ұлттық сәндік қолтаңбалы өнер дәстүрін заманауи көркемдік ғылыми оймен қалыптастырып, өзіндік қолтаңбасын қалдырды. Шебердің туындылары елімізде ғана емес, Франция, Швеция, Түркия сынды елдерде таныстырылды, - дейді қала басшысы. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Сонымен қатар, көрменің ашылу салтанатына Құрылтай төрағасының орынбасары Динара Зәкиева келіп, өнер иесін құттықтап, Құрылтай төрағасы Айбек Дәдебайдың құттықтауын жеткізді. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Бәтима Зәуірбекова бұл күнді асыға күткенін атап өтті. 

Мен үшін бұл күн – үлкен мереке. Көптен бері көрмеген еңбектерімді көріп отырмын. Олардың әрқайсы менің балам сияқты болып кеткен. 40-50 жылдан бері көрмеген туындыларым да бар. Жан-жақтан, шетелден қаншама адам келіп жатыр. Бұл күрделі көрме деп айтсам болады, - дейді Бәтима Зәуірбекова. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

80 жылдық мерейтойға арналған көрмеде үш үлкен залдан тұрады. Экспозицияда шебердің гобелендері, кескіндік жұмыстары, графикалық туындылары мен архивтік суреттерімен толықтырылған. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Көрмеде өнер иесінің 80-нен астам шығармашылық туындысы қойылған. Көрермендер 1970-жылдардан бастап бүгінге дейінгі уақытты қамтитын шығармашылық жолымен, ізденісімен таныса алады. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Бәтима Зауірбекованың негізгі тақырыптарының бірі – әйел бейнесі. Музейде бір зал арнайы әйел бейнесіне арналған. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Әйел адам сұлулық символы ретінде, ана бейнесі, жылулық пен мейірімнің бастауы ретінде Бәтима Зәуірбекованың шығармашылығындағы айрықша образға айналған. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Сонымен қатар, "Мұра жіптері" көрмесіне өнер иесінің шығармашылығына арналған үш басылым кітап жарық көрген. Ол кітаптармен көрме экспозициясында танысуға болады. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина
 
Батима Есмұратқызы музыканы ерекше жақсы көреді. Ол шығармашылықпен айналысқан сайын белгілі бір күйлерді тыңдап, туындыларын сол әуендердің әсерімен дүниеге әкеледі. 
 
Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Музыка оған әрдайым шабыт берген. Тіпті бала кезінен музыкант болуды армандаған, өнердің қай бағытын таңдауы керектігі туралы ойланған кездері де болған екен. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Алайда музыка суретшінің туындыларында өмір сүріп келеді. Оның жұмыстарынан әуезділік анық сезіледі: толқын тәрізді сызықтар, ерекше ырғақ пен динамика шығармаларға жан бітіріп тұрғандай әсер қалдырады. 

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Туындылары өте шынайы, жылы әрі өмірге толы. Сол арқылы суретшінің өнерге, өмірге деген сүйіспеншілігі анық байқалады.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

«Мұра жіптері» атауының өзі көрменің мазмұнын дәл ашады. Бұл – өткеніміз бен бүгінімізді, болашағымызды байланыстыратын сабақтастықтың жіптері. Өткен тарихымыз қазіргі күннің де, келешектің де берік іргетасы болып саналады.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Сонымен қатар бұл атау гобелен өнерінің табиғатымен де үндеседі. Себебі гобеленнің негізі мен арқау жіптері бір-бірімен тоқылып, тұтас көркем туындыны дүниеге әкеледі.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Ал ауқымды мағынада алғанда, «мұра жіптері» әр адамның өмір жолын да бейнелейді.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Әрбір адам – өз тағдырының өрнегін тоқып жатқан шебер.

Фото: ©BAQ.KZ/Сымбат Сатыбалдина

Әркімнің өмірі өзіндік бояуы мен бедері бар қайталанбас туынды іспетті.

 
 
 
 
 
Посмотреть эту публикацию в Instagram
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

Публикация от BAQ.KZ ақпарат агенттігі (@baq.kaz)

Наверх