Әр қазақстандықтың қолында кемінде төрт банк картасы бар

15 Наурыз 2021, 13:00
1548
Бөлісу:
Әр қазақстандықтың қолында кемінде төрт банк картасы бар

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Елде банк картасының саны рекордтық көрсеткішке жеткен, деп жазды Ranking.kz.

2021 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша, Қазақстанда  48 млн төлем картасы тіркелген. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 49,7%-ға көп. 

Соңғы үш жылда айналымдағы карталар саны шамамен жылына 35,7% -ға артып отыр.Сәйкесінше оны пайдаланушылар саны да өсіп келеді. Тек 2020 жылы олардың саны 31,6%,артып 39,2 миллионды құраған.

Бүгінде әр ересек қазақстандыққа төрт төлем картасынан келеді. Көрсеткіш жағынан көшті Алматы қаласы бастап тұр, мұнда бір адамға 9 картадан келсе, елорда тұрғынының бір басында орташа 6 карта бар.

Өзгелердің жаңалығы