Әр азаматқа реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру маңызды - Тоқаев

29 Сәуір 2022, 12:41
1237
Бөлісу:
Әр азаматқа реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру маңызды - Тоқаев

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ тілшісі. Мемлекет басшысы ҚХА мүшелерін Жаңа Қазақстан құндылықтарының белсенді насихаттаушысы болуға шақырды.

Ол өз сөзінде, партиялық және сайлау жүйелерін реформалау барлық азаматтың сайлау үдерістеріне қатысуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашатынын атап өтті.

Бүкіл сайлау ландшафтын қамтитын жаңа партиялардың пайда болады деп болжануда.  Партиялық тізімдер, сондай-ақ бір мандатты округтердегі кандидаттарды сайлау шынымен де Қазақстанның этникалық әртүрлілігін көрсететініне сенімдімін, - деді Президент.

Оның айтуынша, қазір азаматтарымызға жүргізіліп жатқан реформалардың мәні мен маңызын түсіндіру өте маңызды.

Мен Ассамблея форматында жұмыс істейтіндердің барлығын осы үдеріске атсалысып, Жаңа Қазақстанның мұраты мен құндылықтарын белсенді насихаттаушы болуға шақырамын, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев ҚХА сессиясында.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Ассамблея төрағасының этномәдени бірлестіктерден  орынбасарлары болған М.Бекбаева мен З.Күзиевтің жемісті жұмысына алғыс білдірді.

Өзгелердің жаңалығы