Қарғалы өзенінде көбік пайда болды. Нәтиже 28 шілдеде ұсынылады

25 Шілде 2020, 10:50
2332
Бөлісу:
Қарғалы өзенінде көбік пайда болды. Нәтиже 28 шілдеде ұсынылады

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Бұл туралы ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

23 шілдеде әлеуметтік желілерде Алматы қаласы Наурызбай ауданындағы Қарғалы өзенінен көбіктің табылғаны туралы бейне жариялануына байланысты, 2020 жылдың 24 шілдесінде "Қазгидромет" РМК Алматы қаласы бойынша филиалы жоспардан тыс шығып, Қарғалы өзенінің нүктесінде көпірден 0,2 км жоғары Қарғалы өзенінің суынан сынама алу жұмыстарын жүргізді.Су сапасын талдау негізгі иондар, биогенді, органикалық және бейорганикалық заттар мен ауыр металдарды қоса алғанда, 44 физикалық-химиялық көрсеткіш бойынша жүргізілетін болады. 

Бірінші күнгі алынған судың талдау нәтижелері бойынша: судың температурасы 18,2ºC құрады, сутегі көрсеткіші 7,78, суда ерітілген оттегінің концентрациясы 8,4 мг/дм3, мөлдірлігі – 21 см, иісі – 0 балл, табиғи суға тән емес иіс табылған жоқ, су мөлдір. Қазіргі уақытта ауыр металдарды, органикалық және биогенді заттарды анықтау үшін су сынамаларына физика-химиялық талдау және 5 тәулік ішінде оттегіні биохимиялық тұтыну орындалуда, Нәтижелер 2020 жылғы 28 шілдеде қосымша ұсынылатын болады.

ҚР ЭГТРМ Экологиялық реттеу және бақылау комитетінің төрағасы Зұлфыхар Жолдасов экологтар тобы келген кезде бейнематериалда көрсетілген өзендегі су таза болғанын айтты.

Біздің экологтар тобы келген кезде бейнематериалда көрсетілген өзендегі су таза екен. Оны растау үшін камераға түсіріліп, фотосуреттер жасалды. Қазір Экология департаментінің өкілдері бүкіл өзен ағысы бойында тексеру жүргізіп жатыр. Полиция қызметі мен жергілікті әкімдік тергеуге қосылды. Жағдайға кінәлілер іздестіріледі. Егер заң бұзушылық анықталса, онда кінәлілер жауапқа тартылады, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы