Әр адамның діни сенімін құрметтеуіміз керек – Аида Балаева

26 Желтоқсан 2023, 13:42
432
Бөлісу:
Әр адамның діни сенімін құрметтеуіміз керек – Аида Балаева
Фото: ОКҚ

Сіздің діни киімдерге тыйым салу туралы айтқан пікіріңіз дау тудырған еді. Бірақ бұл шектеулер никаб, паранжа сияқты адам бетін толық тұмшалап алатын киімдерге қатысты дедіңіз. Никаб пен паранжаға тыйым салу мәселесі әлі де күшінде ме? Нақты қашан енгізіледі? деп Бақ өкілдері сұрақ қойды деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева мектептерде хиджаб кию мәселесіне қатысты әлеуметтік желіде жазба жариялаған болатын. Адам бетін тұмшалап алатын киімге қатысты брифинг барысында да пікірін білдірді.

Дін мен мемлекет бөлек. Әр адамның діни сезімін құрметтеуіміз керек. Сол тұрғыда әрбір шешім жан-жақты қоғаммен талқыланып, зерделеніп содан кейін шешім қабылдау керек. Бір күнде өзгертіп тастау оңай. Ертең қандай шу болып, адамдар наразылығын білдіреді. Біз соны да ескеруіміз керек. Біз біріншіден дін саласындағы тұжырымдамамызды анықтап алдық. Бүгінгі кезде не өзекті, қандай мәселелер нақты керек деген. Бетперде мәселесіне қатысты ұстанымнан кеткен жоқпыз. Оны заңды тұрғыда қарау мәселесі, мен салдары бойынша қазір зерттеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл тек бір министрліктің құзыретінде емес. Бұл қоғаммен ақылдасып жасалатын іс-шара. Сондықтан талқылаулар болады,-деді Аида Балаева.

Өзгелердің жаңалығы