Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары Қытай сотынан үкімді қайта қарауды сұрайды

29 Желтоқсан 2019, 10:11
8580
Бөлісу:
Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары Қытай сотынан үкімді қайта қарауды сұрайды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Қытайда есірткі контрабандасы үшін сотталған қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайдың қорғаушылары сот үкімін қайта қарауды сұрағалы отыр.

"Хабар 24" телеарнасының мәліметтеріне сүйенсек, бұл ақпаратты Ақжарқынның екі адвокатының бірі Мурал Аденұлы хабарлаған. 

Олардың айтуынша, Қытай соты қорғаушы тараптың пікірін назарға алмаған. 

Айта кетейік, Қытай соты бұған дейін қазақстандық Ақжарқын Тұрлыбайға қатысты өмір бақи бас бостандығынан айыру туралы шешімді өзгеріссіз қалдырған болатын.

Қытай еліндегі консулымыз Ақжарқынмен кездесіп, оның түрмеде ағылшын тілін меңгеріп жатқанын айтып, ағылшынша кітаптар табыс етіп қайтты. 

Бұған дейін, Қытайда жазасын өтеп жатқан Ақжарқын Тұрлыбайдың анасы Зухра Сейтімова президентке хат жазып, қолдау сұраған болатын.

Ақжарқын Тұрлыбай 2014 жылы наурызда Қытайда есірткі контрабандасымен ұсталды. Дегенмен, ол өз кінәсін мойындаған жоқ. 2015 жылы Ақжарқын Тұрлыбай сотталды. Ал 2016 жылы үкімнің күші жойылып, іс қайта қарауға жіберілді.

Біз осыған дейін Ақжарқынның түрмедегі өмірі жайлы хабарлаған едік.

Өзгелердің жаңалығы