Ақылы жолдан түскен 9,1 млрд теңгенің 4,1 млрд-ы ғана жөндеуге жұмсалған: Депутат не айтқысы келді?

17 Қазан 2022, 17:29
12673
Бөлісу:
Ақылы жолдан түскен 9,1 млрд теңгенің 4,1 млрд-ы ғана жөндеуге жұмсалған: Депутат не айтқысы келді?

Бұл туралы бүгін Мәжілісте өткен Үкімет сағатында депутат Айбек Паяев мәлімдеді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі. 

Айтуынша, автомобиль жолдарының ақылы учаскелерінен түскен алымдар 9,1 млрд теңге, оның 45%-ы немесе 4,1 млрд теңгесі ғана сол учаскелерді жөндеуге және күтіп ұстауға, 55%-ы бағдарламалық-аппараттық кешенге қызмет көрсетуге және басқа да шығындарға жұмсалған.

Министрлік осы пайдаланылып жатқан жолды жөндеу және күтіп ұстау үшін арнайы жолды пайдалану төлемін қайта инвестициялау мөлшерін арттыруды және басқа да қосымша шығындарды азайтуды жоспарлап отыр ма? – деп атап өтті мәжілісмен. 

Бұған дейін Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев жыл соңына дейін шамамен 1000 шақырым жолды пайдалануға беру жоспарланғанын айтқан болатын. Қалған 3 мың шақырым жолды 2023 жылы аяқтау көзделіп отыр. 

Ведомство басшысы сондай-ақ жол саласын реформалау бойынша жұмыс жүргізіп жатқанын айтты. 

Болашақта автожол жобаларын іске асыру кезінде «Саннан сапаға» қағидаты қолданылатын болады. Автомобиль жолдарының сапасын арттыру мақсатында біз қолданыстағы заңнамаға бірнеше бағыт бойынша түзетулер пакетін дайындадық, – деді министр. 

Өзгелердің жаңалығы