Ақылы жол пайдаланушыларын уақтылы хабардар ету үшін ҚазАвтоЖол ұлттық компаниясы SMS-хабарлама қызметінің пилоттық жобасын іске қосты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Ақылы жолға алғаш өткен кезде автокөлік иесі SMS-хабарлама алады.
Хабарламада төлем әдістері туралы сілтеме де қарастырылған. SMS-хабарлама ашық жүйе іске қосылған жеті ақылы жолдан өткен кезде келеді.
Олардың қатарында Астана-Павлодар, Шымкент-Қызылорда, Шымкент-Ташкент, Шымкент-Тараз, Тараз-Қайнар, Қонаев-Талдықорған және Щучинск-Көкшетау күре жолдары бар. Шлагбаумдар қарастырылған учаскелерден өткен кезде ("Астана-Щучинск"," Астана-Теміртау"," Алматы-Қонаев"," Алматы-Қорғас") SMS-хабарлама келмейді. Естеріңізге сала кетейік, елімізде жалпы ұзындығы 2,200 шақырым болатын 11 ақылы жол бар.