Ақылы жолдардың жылдық айналымы 40 млрд теңгеге жетеді

11 Наурыз 2019, 14:12
2113
Бөлісу:
Ақылы жолдардың жылдық айналымы 40 млрд теңгеге жетеді

Астана, BAQ.KZ. Қазақстан жыл сайын ақылы жолдардан 40 млрд теңгеге дейін табыс көреді. Бұл жөнінде Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінде мәлімдеді. 

Ведомствода хабарлағандай, ақылы автожолдардың ұзындығы 2025 жылға қарай 10 мың км асады. 

«Жыл сайынғы алымдар шамамен 40 млрд теңгені құрайтын болады. Бұл қаражат республикалық барлық жолдар желісін күтіп ұстауға мүмкіндік береді. Ақы алу жүйесін тек жағдайы жақсы немесе жаңғыртудан өткен автожолдар үшін ғана енгізеді», - деді министрлікте. 

ИИДМ-де мәлімдегендей, жалпы ұзындығы 5,5 мың км құрайтын автомобиль тас жолдарының тағы 13 учаскесі ақылы болады. Соның ішінде, «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық дәлізінде (Қапшагай – Талдықорған, Астана – Қостанай – Ресей шекарасы, Павлодар – Ресей шекарасы, Ақтөбе – Орал – Ресей шекарасы, Атырау – Доссор – Бейнеу – Ақжігіт – Өзбекстан шекарасы, Ресей шекарасы – Ақтөбе – Қызылорда, Тараз – Қайнар, Щучинск – Көкшетау – Петропавлов – Ресей шекарасы, Орал – Ресей шекарасы, Астана – Павлодар, Ақтау – Бейнеу, Қызылорда – Шымкент – Тараз, Шымкент – Өзбекстан шекарасы).

Жалпы, 2020 жылы ақылы автомобиль жолдарының ұзындығы шамамен 6,5 мың км жетсе, олардағы жыл сайынғы алым 30 млрд теңгеге жуықтайды. 
Сонымен қатар, министрлікте осы жылы жолдарды жөндеуге 162 млрд теңге бөлінетінін хабарлады. 

«Бұл қаражатқа біз 4 мың км астам облыстық және аудандың маңызы бар жолды жөндеуді және олардың жағдайын 70 процентке дейін жақсартуды жоспарлап отырмыз», - деді министрлікте.

Өзгелердің жаңалығы