"Ақыл үйретпейік". Төреғалидің қарындасы оқырмандарына ашуланды

10 Қаңтар 2024, 13:01
996
Бөлісу:
"Ақыл үйретпейік". Төреғалидің қарындасы оқырмандарына ашуланды
Фото: Дина Төреәлінің Instagram-дағы парақшасынан

Жақында дүниеге шекесі торсықтай ұл баланы дүниеге әкелген Дина Төреәлі бала тәрбиесіне қатысты түрлі сауалдар қойып, ақыл үйрететін келіншектерге жауап берді, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Былтырғы жылдың соңында босанған Дина Төреәлі өзінің Instagram-дағы парақшасында баласына қатысты сауалдарына жауап беріп отырады. Бірақ арасында шектен шығып, ақыл айтып кететіндерге наразылығын білдірді.

Менің оқырмандарымның арасында еще оқымаған педиатр, психолог, бала қараудан эксперт ханымдар көп екен. Әркімнің баласы өзі үшін. Яғни әр ана баласына ненің дұрыс екенін біледі, жүрекпен сезеді. Сонымен қоса әр ананың балаға подходы әртүрлі. Бұрында біз бүйттік, баяғыда дейтіндер: Баяғы заман сол баяғыда қалды… қазіргі заман ол тым бөлек. Балаларымыз аман болсын! Оларға қарайтын аналары біз де аман болайық. Ақыл үйретпейік, жәй білгенімізбен пікір алмасайық, - деп жазды ол.

Сондай-ақ Дина балаға массажды 3 айдан бастап жасау керегін, одан ерте жасау зиян екенін айтатындарға жауап берді. Сөзінше, іште 9 ай бүгіліп жатқан бала 3 айға дейін аяқ-қолы шамалы болсын созылу керек.

Массажды туылғаннан қабылдаймыз. Іште 9 ай бүгіліп жатқан бала 3 айға дейін аяқ қолы шамалы болсын созылу керек. Қинап, басып ешкім жасамайды ғой. Сипап, керек жерлерін жасайды. Туылғаннан қазіргі күнге дейін арнайы адам келіп, массажын жасап, шомылдырып, баланы құндақтап беріп кетеді. Енем кезінде баланы былай да былай созып, массаж жасап, шомылдырдық, бірақ қазір заман бөлек екенін айтты. Неше түрлі специалисттер бар. Оданда сол білетін адамды шақырайық. Керекті точкаларын сипасын. Біз білмейміз ғой деп массаж істеп шомылдыратын тәтені өзі тауып берді, - дейді ол.

Айта кетейік, 2023 жылдың 25 қарашасында босанған Дина Төреәлі ұлына Ерманби деп ат қойған.  

Өзгелердің жаңалығы