Ақтөбенің 100-ден астам креаторы Астанада өз жобаларын таныстырды

Көрме аясында қолданбалы өнер туындылары, жергілікті дизайнерлердің киім топтамалары, суретшілердің жұмыстары мен шығармашылық ұжымдардың жобалары ұсынылды.

 Мәдениет және ақпарат министрлігі 11 Қазан 2026, 07:12
11 Қазан 2026, 07:12
188
Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

Астанадағы Qazaq Creative Hub алаңында «Creative Aimaq» республикалық жобасы аясында «Aqtobe Creative Days» атты екі күндік жәрмеңке басталды. Іс-шарада Ақтөбе облысынан келген шығармашылық индустрия өкілдері өз жобаларын таныстырып, өңірдің креативті әлеуетін көрсетті.

Жәрмеңкеге шығармашылық индустрияның 22 бағыты бойынша жұмыс істейтін 100-ден астам өкіл қатысты. Көрмені Мәдениет және ақпарат министрі Арман Қырықбаев, Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, Құрылтай төрағасының орынбасары Дания Еспаева және Құрылтай депутаттары аралады.

Көрме аясында қолданбалы өнер туындылары, жергілікті дизайнерлердің киім топтамалары, суретшілердің жұмыстары мен шығармашылық ұжымдардың жобалары ұсынылды.

«Aqtobe Design» бағдарламасында жеті дизайнердің коллекциясы таныстырылды. Сонымен қатар Димаш Құдайбергеннің шығармашылық жолы мен халықаралық жетістіктеріне арналған арнайы экспозиция ұйымдастырылды. Ал Book Market алаңында жергілікті авторлардың кітаптары көпшілік назарына ұсынылды.

Жәрмеңкенің мәдени бағдарламасы да мазмұнды болды. Қонақтар театр қойылымдарын, анимациялық фильмдерді, концерттік бағдарламаларды тамашалап, композитор Серік Закарияның шығармашылық кешіне қатыса алады. Бұдан бөлек, қолданбалы өнер бойынша шеберлік сабақтары өткізіледі.

«Creative Aimaq» жобасы өңірлердегі шығармашылық индустрияны дамытуға, отандық брендтерді ілгерілетуге және креативті кәсіпкерлікті қолдауға бағытталған.

Наверх