Ақтөбеліктер медиацияға қаншалықты жиі жүгінеді

4 Тамыз 2023, 21:00
2606
Бөлісу:
Ақтөбеліктер медиацияға қаншалықты жиі жүгінеді

Ақтөбе облысы ҚХА медиаторлары Азаматтарға арналған үкімет МК.КЕАК Ақтөбе облысы бойынша филиалында қала тұрғындары арасында сауалнама жүргізді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Онда медиация институның тиімділігін, өмірде қажеттілігі мен қоғамдағы атқарар рөлін жеткізіп, халық арасында қолданылатын дұрыс әдіс- тәсілдерімен таныстырып, өзара тиімді шешім табу жолдарымен таныстырды және өңірде татулық пен бірлікті, ынтымақ пен өзара келісімді сақтау міндетіміз екені айтылды.

Сауалнамаға қатысқан тұрғындар медиация туралы жақсы біледі және кейбіреулері медиация арқылы отбасы мәлелері бойынша медиацияға жүгінгенін жеткізді.

Ақтөбе облысы «Бірлік пен келісім-қоғамның әлауқатының кепілі» атты челленджін Жамбыл облысынан қабылдап, Абай облысына жолданды. «Вяра» болгар этномәдени бірлестігінің төрағасы Бошкова Анастасия Михайловна челленджге қатысып, ортаға ойын жеткізді.

Сонымен қатар, медиацияның өзектілігі тақырыбында облыстың беделді тұлғалары Азаматтарға арналған үкімет МК.КЕАК Ақтөбе облысы бойынша филиалының директоры Ж.Бекұлының, Ырғыз аудандық орталықтандырылған кітапхана жүйесінің директоры «ҚР Тәелсіздігіне 10 жыл» мерекелік медалінің иегері, еібек ардагері М.Мырзалының, Ақтөбе облысы ҚХА жанындағы Медиация кеңесінің төрағасы С.Балпеисованың, Нотариус, кәсіптік медиатор, педагогика ғылымдарының кандидаты Н.Каированың т.б.посттары инстаграмм парақшасында жарияланып, сауалнамалар мен бейнесюжеттер, роликтер түсірілді.

Апта ішінде «ҚХА медиация кабинетінің «Ашық есік күні» акциясы аясында Ақтөбе облыстық Медиация кеңесі мен аналар кеңесінің мүшелері облыстық «Ана үйіндегі» жас аналармен кездесу ұйымдастырылып, оларға консультациялық – ақпараттық жұмыс жүргізілді. Психологтар мен медиаторлар жас аналарға жеке немесе топтық жұмыстар жүргіп, жас аналардың ой-пікірлерін біліп, ашық әңгіме жүргізді. Өмірдің қиын жағдайына түскен жас аналарға кеңестік, психологиялық, медиативтік консультация берілді.

Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі Байдуллина Аққалқа Жанғабылқызының қатысуымен, Ақтөбе облысы Медиация кеңесінің мүшелері «Мейірім» жастардың әлеуметтік бейімделу орталығында 18-29 жас аралығындағы тәрбиеленушілермен кездесіп, олардың оқу-өндірістік орындарында болып, тігін және аяқ киім шеберханасында, жылыжай мен сұлулық салонында, физиотерапия залындағы жастардың тыныс-тіршілігімен жақынырақ танысып, оларды толғандыратын құқықтық-праволық, сауалдарына жауап берді, әрқайсысымен жеке және ашық диалог ретінде жұмыс жүргізді және психологиялық- құқықтық қолдау көрсетілді.

Ақтөбе облысы «Қоғамдық келісім» КММ мекемесінде облыстық «ҚХА медиация кабинетінің Ашық есік күні» республикалық акциясы ұйымдастырылды. Мақсаты: Өңірдегі медиация институтын одан әрі дамыту, қоғамдық келісімді сақтау, тұрғындардың әртүрлі туындаған өзекті мәселелерін шешу жолдарын қарастыру, құқықтық-праволық консультация беру, медиативтік келісімдер жасасу.

Іс-шара барысында 20 дан астам қала тұрғындары қабылданып, тараптардың сауалдарына толыққанды жауап пен медиативтік кеңес берілді. Қойылған сұрақтар төркіні, көбіне отбасы, еңбек, әлеуметтік, мәселелерге байланысты болды.

Аталған акцияға адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Ақтөбе облысы бойынша өкілі А.Байдуллина және судьялар, ішкі істер, әділет және адвокатура органдарының қызметкерлері, кәсіби және кәсіби емес медиаторлар мен Аналар кеңесінің мүшелері, БАҚ тілшілері қатысты

Өзгелердің жаңалығы