Ақтөбеліктер Елорда күнін тойлап жатыр

6 Шілде 2022, 23:44
2045
Бөлісу:
Ақтөбеліктер Елорда күнін тойлап жатыр
PHOTO
Фото: автордан

Ақтөбе облысы. BAQ.KZ тілшісі. Бүгін ақтөбеліктер Елорда күнін тойлап жатыр.

Ақтөбе қаласындағы Тұңғыш Президент атындағы орталық саябаққа жиналған жұртшылық мерекеге арналған концерттік бағдарламаны тамашалап, түрлі ойындарға қатысты.

Ақтөбеліктер Елорда күнін тойлап жатыр

Концертке елімізге белгілі өнерпаздар Еркеш Хасен мен Айбек Жағыпар, сондай-ақ облысқа танымал жас таланттар – Медина Күзенбаева, Балым Нысаналы, Мұхтар Арнұр, Әли Аманжол, Әлішер Қарабай, т.б қатысып, туған жер, Отан, елорда туралы патриоттық әндерді орындады.

Ақтөбеліктер Елорда күнін тойлап жатыр
Ақтөбеліктер Елорда күнін тойлап жатыр

Сондай-ақ “Самұрық” би ансамблі сахнада ұлттық және заманауи би билеп, көпшілікке ерекше көңіл күй сыйлады.

Бүгінгі шараны Ақтөбе қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі ұйымдастырды. Концертке қаламыздағы танымал өнерпаздар қатысып жатыр. Шараға келген халықтың қарасы көп, тұрғындар қосылып ән шырқап, қойылған викториналық сұрақтарға жауап беріп жатыр. Сондай-ақ  қазір шарада қазақ киноларындағы әуендерді табу бойынша сайыс ұйымдастырамыз. Жеңімпаздарға микрофондар, смарт-сағаттар, колонкалар, наушниктер тарататын боламыз, – дейді бөлім меңгерушісі Фариза Төлебаева.

Мерекелік шараға келген тұрғындардың бірі – Жансая Қырықбаева. Ол отбасымен саябаққа  концерттік бағдарламаны тамашалауға келіпті.

Бүгін барлық өңірде Елорда күні аталып өтіп жатыр. Біздің қаламызда да керемет шара ұйымдастырылған. Соны балалармен тамашалап, билеп, көңіл көтеріп жатырмыз. Барша қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтаймын. Бас қаламыз гүлденіп, өркендей берсін! Өзім Нұр-Сұлтан қаласына өткен жылы отбасыммен алғаш рет барғанмын. Көргеніміздей, ел астанасында мәдениет ошақтары, спорттық нысандар көп екен. Ал енді Ақордадан бастап, Үкімет үйі, министрліктердің зәулім ғимараты, тіпті, әдемі. Астанамыздың басты символы – “Бәйтеректің” өзі көздің жауын алады, – дейді ол.

Көпбалалы ана болашақта балаларын ел астанасына оқуға жіберетінін айтады. Себебі елорда – жастардың қаласы. Ол жерде жастардың өсуі, жоғары білім алуы үшін мүмкіндік мол. 

Өзгелердің жаңалығы