Ақтөбеліктер жиырмаға жуық бұлақтың көзін ашты

3 Шілде 2019, 19:31
1403
Бөлісу:
Ақтөбеліктер жиырмаға жуық бұлақтың көзін ашты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеліктер өзен арнасын кеңейту кезінде жабылып қалған бұлақ көздерін өздері ашып жатыр, деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Әлібек Мағзұмов Ақтөбедегі өзен-судардың бар тетігін біледі. Қазір «Дыши Актобе» тобы бірігіп, өзен арнасын тазарту кезінде бітелген бұзақ көздерін қайта ашып жатыр.

«Өзім қай жерде қанша бұлақ көзі бар екенін білемін. Көрсетіп, ұйымдастырдым. Қарапайым табиғат жанашырларының көмегімен 18 бұлақтың көзі ашылды», — деді Әлібек Мағзұмов.

Ақтөбеліктер бұл жұмысты әлі де жалғастырмақ.

Өзгелердің жаңалығы