Ақтөбедегі жол апаты үш адамның өмірін жалмады

1 Тамыз 2023, 15:35
540
Бөлісу:
Ақтөбедегі жол апаты үш адамның өмірін жалмады
Фото: polisia.kz

Ақтөбе облысында жол апатынан 3 адам қайтыс болды, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

1 тамыз шамамен сағат 11:00-де "Самара-Шымкент" автожолының 765-шақырымында Mercedes жүк көлігі мен ВМW автокөлігі соқтығысты. 

Салдарынан BMW автокөлігінің жүргізушісі мен екі жолаушы оқиға орнында қаза тауып, бір жолаушысы Ақтөбе қаласындағы ауруханаға жеткізілді. Автокөлік жүргізушілерінен жол жүрісі ережелерін қатаң сақтауды сұраймыз, - деді Ақтөбе қаласы ПБ бастығы Әсет Қалиев.

Өзгелердің жаңалығы