Ақтөбедегі тергеу изоляторына поштамен келген сәлемдемеден бірнеше телефондар тәркіленді

26 Қараша 2022, 09:15
1086
Бөлісу:
Ақтөбедегі тергеу изоляторына поштамен келген сәлемдемеден бірнеше телефондар тәркіленді

Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментіне қарасты № 70 қауіпсіздігі аралас мекемесінің режим және күзет бөлімінің қызметкерлері пошта арқылы қабылдау бөлмесіне келген сәлемдемені тексеру кезінде: тарақ, печенье және шай қорабының ішіне жасырылған ұялы телефондар мен SIM карталарды және құлаққап, USB шнурларын тәркіледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Мекемеге әкелуге тыйым салынған заттар Ақтөбедегі тергеу изоляторындағы сотталғанға пошта арқылы сәлемдеменің ішіне жасырылып, жолданған. Алайда, қулығын асырмақ болғандардың бұл әрекеті іске аспады. Тергеу изоляторының қырағы режим және күзет бөлімінің қызметкерлері сәлемдемені мұқият тексеру кезінде пластик тарақтың ішіне жасырылған 2 шағын ұялы телефонды сим карталарымен бірге, ал шәй қорабынан смартфонды сим картасымен бірге тәркіледі. Сондай- ақ, ҚАЖ қызметкерлері печенье қаптамасына жасырылған 2-бірлік USB шнурын және құлаққапты тәркіледі. 

Қазіргі уақытта пошта арқылы сәлемдемені жолдаған азаматтың жеке басы анықталуда. Анықталғаннан кейін құқық бұзушыға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 481-бабы бойынша хаттама толтырылып,тиісті шарасы алынатын болады, - дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова.

Өзгелердің жаңалығы