Ақтөбеде жүргізуші екі оқушыны қағып кетті

2 Қазан 2022, 07:35
1119
Бөлісу:
Ақтөбеде жүргізуші екі оқушыны қағып кетті

Ақтөбеде көлік қағып кеткен екі оқушы қазір жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Оқиға орнынан қашып кеткен жүргізуші іздестіріліп жатыр.

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің хабарлауынша, оқиға қаладағы Тәуелсіздік даңғылы бойында болды.

Куәгерлердің сөзіне сүйенген құқық қорғаушылар ақ түсті «ВАЗ 2121 маркалы көлік жүргізушісі даңғылымен жүріп келе жатып, жолдың жүру бөлігін кесіп өткен 8 және 9 жастағы кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді қағып кеткен.

Кейін жол-көлік оқиғасы орнынан қашып кеткен.

Оқушылар Ақтөбе қаласының жедел медициналық жәрдем ауруханасының реанимация бөлімшесіне жатқызылды. Осы дерек бойынша Қылмыстық кодекстің «Жол ережесін бұзу» бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталып, күдікті адамды анықтауға және ұстауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізіліп жатыр. Куәгерлерден «102» нөміріне қоңырау шалуды сұраймыз. Құпия қалатынына кепілдік беріледі,- деді облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі.

Өзгелердің жаңалығы