Ақтөбеде жұмысқа кеткен әйел сол күйі үйіне оралмаған

25 Ақпан 2023, 14:06
928
Бөлісу:
Ақтөбеде жұмысқа кеткен әйел сол күйі үйіне оралмаған
Фото: Фото: Polisia.kz

Ақтөбе облысында 23 ақпанда жұмысқа кеткен 47 жастағы әйел сол күйі үйіне оралмаған, деп хабарлайды BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Полиция қызметкерлері 25 ақпанда жедел-тергеу іс-шаралары кезінде 29 жастағы күдіктіні анықтап, қолға түсірді. Оның автокөлігінен пышақ жарақаты түрінде зорлықпен өлім белгілері бар жоғалған әйелдің мәйіті табылды.

Осы дерек бойынша ҚР ҚК 99-бабы "Кісі өлтіру" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Қылмыстың мән-жайы анықталып жатыр. Күдікті қамауға алынды.

Өзгелердің жаңалығы