Ақтөбеде жүкті әйел қар құрсауында қалған

13 Наурыз 2024, 00:31
383
Бөлісу:
Ақтөбеде жүкті әйел қар құрсауында қалған
Фото: видеодан кадр

Ақтөбелік құтқарушылар жүкті әйелді ауруханаға жеткізді, деп хабарлайды BAQ.KZ Төтенше жағдайлар министрлігіне сілтеме жасап.

Мұғалжар ауданының Қаракөл ауылында жүкті әйелдің Мұғалжар орталық аудандық ауруханасына бара алмайтыны, көлік қар құрсауында қалып қойғаны туралы ақпарат келіп түсті.

Құтқарушылар: Мұғалжар ауданының № 8 өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Алматы Мұратжанұлы, жүргізуші Азат Жамбылұлы, Мұғалжар ауданының төтенше жағдайлар бөлімінің аға анықтаушысы Нұрбек Тілегенұлы жүкті әйелді Мұғалжар ауданының орталық ауруханасына жеткізді.

Өзгелердің жаңалығы