Ақтөбеде жол талғамайтын көлік 2,5 метр тереңдікке түсіп кеткен

30 Желтоқсан 2021, 17:09
1345
Бөлісу:
Ақтөбеде жол талғамайтын көлік 2,5 метр тереңдікке түсіп кеткен

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында Toyota Land Cruiser көлігі мұз астына түсіп, суға батқан.

Бұл туралы облыстың Төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Министрлік мәліметінше, 28 желтоқсанда Land Cruiser көлігі Ақтөбедегі суқоймасы жағалауынан ұзап, 50 метр жерде мұз астына 2,5 метр тереңдікке түсіп кеткен.

Балық аулауға барған жүргізуші мен жолаушы көліктен шығып үлгерген. Жедел-құтқару жұмыстары нәтижесінде көлік судан шығарылды. Апат болған жерде мұздың қалыңдығы 5-7 сантиметр болған, - деді құтқарушылар.

 

Өзгелердің жаңалығы