Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

3 Сәуір 2022, 17:02
2358
Бөлісу:
Ақтөбеде жантүршігерлік жол апатынан екі адам қаза тапты

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысында Lada жүргізушісі жүк көлігіне соғылып, екі адам қаза тапты, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.

Жол апаты Самара-Шымкент тас жолының 765 шақырымында болған.

"DAF-XS" жүк көлігінің 44 жастағы жүргізушісі "Батыс-Жер" кемпингінен шығып, жолдың қарсы бетіне түспекші болған. Ал маневр жасағанда артта келе жатқан жеңіл көлікке жол бермеген.

Сөйтіп, бұрылып жатқанда "Lada-21723" маркалы көлік артына соғылған. Жол апатынан екі жолаушы қайтыс болды, тағы біреуі Ақтөбе қалалық жедел медициналық жәрдем ауруханасына жеткізілді, - деді полицейлер.

Қазір сотқа дейінгі тергеу шаралары басталды.

Өзгелердің жаңалығы