Ақтөбеде жаңа көпсалалы медициналық орталық ашылды

16 Желтоқсан 2022, 09:27
824
Бөлісу:
Ақтөбеде жаңа көпсалалы медициналық орталық ашылды

Өңір басшысы Ералы Тоғжанов Ақтөбеде жаңа медициналық мекеменің ашылу салтанатына қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбенің медициналық қызметтер нарығында 2004 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан «Шипагер-С» көпсалалы орталығының филиалы осылайша жұмысын бастады.

Құны 1,6 млрд теңгені құрайтын жоба «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасы аясында мемлекеттік қолдаумен жүзеге асырылды.

Медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қамтамасыз ету Мемлекет басшысы алдымызға қойған басты міндеттердің бірі болып қала бермек. Өңірде өмір сүру ұзақтығын ұлғайту және дер кезінде көмек көрсету үшін барлық қажетті шаралар атқарылуда. ҚР Президентінің ауылдық жерлерде денсаулық сақтау жүйесін жаңғырту жөніндегі тапсырмасын орындау аясында 2023-2024 жылдары 29 алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету нысаны, ауданаралық заманауи ауруханалар салынады. Біздің мақсатымыз – облыстың барлық тұрғындарына сапалы медициналық қызмет көрсету. Сондықтан біз мұндай жобаларды қолдауға дайынбыз, – деген Ералы Тоғжанов өңірдегі барлық медициналық мекемелер ауруларды сапалы диагностикалаумен қатар,  емделушілердің барынша медициналық көмек алуына жағдай жасау керектігін баса айтты.

        Айта кету керек, 18 жыл ішінде «Шипагер-С» бейінді мамандандырылған клиникадан көпсалалы медициналық клиникаға айналып, бүгінде кең ауқымды қызмет көрсетуде.

        Жаңа медициналық орталықта ауданы 4200 шаршы метрлік емхана, 640 орындық аурухана, күндізгі стационар, рентген, эндоскопиялық бөлімшелер, зертхана бар. Кабинеттер соңғы технологиялармен жабдықталған – магнитті-резонанстық және компьютерлік томографиялық сканерлермен, сондай-ақ патологияны дамудың ерте кезеңдерінде анықтауға мүмкіндік беретін соңғы буынның басқа да диагностикалық құрылғыларымен жабдықталған.

Өзгелердің жаңалығы