Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол қозғалысы ережелерін бұзды

28 Тамыз 2023, 16:12
623
Бөлісу:
Ақтөбеде үйлену тойының кортежі жол қозғалысы ережелерін бұзды
VIDEO
Фото: скрин

Жедел басқару орталығының камералары құрамында Lexus 570, Toyota Prado, Lada Priora және Huindai автомобильдері болған үйлену тойы кортежінің жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жүргізушілер ӘҚБтК-нің 593-бабының 2-бөлігі, 601-бабының 1-бөлігі, 230-бабы, 590-бабының 2-бөлігі, 590-бабының 7-бөлігі, 612-бабы, 602, 606, 614-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

Көліктер айыппұл тұрағына қойылды. Құқық бұзушыларға 500 мың теңге көлемінде айыппұл салынды. 
 

Өзгелердің жаңалығы