Ақтөбеде 10 инклюзия кабинеті ашылды

Ақтөбеде «Самұрық-Қазына» қолдауымен 10 инклюзия кабинеті ашылды

1 Қыркүйек 2026, 17:40
АВТОР
 sk.kz 1 Қыркүйек 2026, 17:40
1 Қыркүйек 2026, 17:40
160
Фото: sk.kz

«Самұрық-Қазына» басшысы Нұрлан Жақыпов пен Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров Ақтөбе қаласында Д. Қонаев атындағы мектеп-гимназияда жақында ашылған инклюзияны қолдау кабинетіне барды.

Жаңа кабинеттер «Самұрық-Қазына» қолдауымен жыл сайынғы Charity Samruk Marathon қайырымдылық марафоны аясында жиналған қаражат есебінен ашылды.

Жалпы, Ақтөбеде мұндай сыныптар 10 мектепте ашылды және ерекше білім беру қажеттіліктері бар 600-ден астам балаға қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. Бұл – қаладағы ерекше балалардың жалпы санының шамамен үштен бірі.

Кабинеттер «Samruk-Kazyna Trust» қоры инклюзивті білім беру саласындағы сарапшылармен бірлесіп әзірлеген жаңа тұжырымдама негізінде ұйымдастырылды. Бұл жеке сынып емес, бала дефектолог, логопед, психолог сияқты мамандардан кешенді көмек алып, сондай-ақ емдік дене шынықтырумен және шығармашылықпен айналысатын бірыңғай заманауи кеңістік.

Инклюзияны қолдау кабинеттерінде жеке жұмыс істеуге арналған аймақтар, қыш шеберханалары және заманауи жабдықтар, спорттық құралдармен қамтылған дене шынықтыру бөлмелері қарастырылған. Ал ұстаздар мен бейінді мамандар жыл бойы инклюзивті білім берудің заманауи әдістемелері бойынша оқудан өтеді.

Наверх