Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды

27 Мамыр 2024, 21:25
305
Бөлісу:
Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде табиғатты қорғау прокурорлары ветеринариялық зертханаларда заң бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды BAQ.KZ облыстық прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ақтөбе облысында табиғат қорғау прокуратурасы шараларымен анықталған заң бұзушылықтар бойынша ветеринариялық зертхананың қызметі тоқтатылды.

Тексеру барысында ветеринариялық-санитариялық ережелер талаптарының көптеген бұзушылықтары, үй-жайларды желдету, сумен жабдықтау, жылу жүйелері, сараптаманың әртүрлі түрлерін жүргізуге арналған жеке үй-жайлардың, сойылған жануарларды қарап-тексеру және ветеринариялық сараптаманы есепке алу журналдарының жоқтығы анықталды.

Кейбір зертханада етті тексеруге арналған құрал-жабдықтар мен химиялық реагенттер болмаған. Сонымен қатар, Ақтөбеде рұқсатсыз жұмыс істеген ветеринарлық зертхана анықталды. Прокурорлық қадағалау шараларының нәтижесінде 1 зертхананың қызметі тоқтатылды, 4 зертхана 370 мың теңгеге әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, - делінген хабарламада.

Өзгелердің жаңалығы