Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері мен сала ардагерлері шаңғы тебуден сайысқа түсті

24 Ақпан 2022, 09:21
1794
Бөлісу:
Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері мен сала ардагерлері шаңғы тебуден сайысқа түсті
PHOTO

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері мен сала ардагерлері шаңғы тебуден сайысқа түсті,  деп хабарлайды Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз қызметі.

Ақтөбе облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті және сала ардагерлер кеңесі КА-168/1, КА-168/2, КА-168/3 мекеме қызметкерлері мен ҚАЖ ардагерлері арасында шаңғы тебуден спорттық сайыс өткізді. Шаңғы базасында ұйымдастырылған іс-шараның мақсаты – жеке құрамның арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, спортқа баулу, қызметкерлердің өзара ынтымақтастығын нығайту. 

Ақтөбеде ҚАЖ қызметкерлері мен сала ардагерлері шаңғы тебуден сайысқа түсті

Спорттық іс-шараны салтанатты түрде ашқан Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Илюпов және ҚАЖ ардагерлер кеңесінің төрағасы Сақыпкерей Баймағамбетов іс-шараның маңыздылығына тоқтай келіп, барлық қатысушыларға жеңіс тіледі. 

Сондай- ақ, спорттық сайысқа қолдаушы ретінде арнайы келген Ақтөбе заң институтының ардагерлер қоғамының төрағасы Александр Сюняков құқық қорғау саласындағы қызметкерлердің қысқы спорт түрлеріне көңіл бөліп, осындай іс-шаралардың атқарылып келетініне ризашылығын білдіріп, сәттілік тіледі. 

Жас ерекшеліктеріне қарай екі топқа бөлінген шаңғы сайысында 35 жасқа дейінгі қатысушылар арасынан  І орынға КА-168/2 мекемесінің теологиялық оңалту жұмыстарын ұйымдастыру тобының инспекторы Мейіржан Ешниязов ие болды. ІІ орынды КА-168/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Жолдыбек Төлегенов жеңіп алды. Ал ІІІ орынды КА-168/1 мекемесінің режим және күзет бөлімінің бақылаушысы Данияр Жайлыбаев қанжығасына байлады. Ал 35 жастан асқандар өзара бақ сынасқан сайыста І-ші орынды ҚАЖ саласының ардагері Абай Бергазин жеңіп алса, ІІ орынды Астана аудандық пробация қызметі бөлімінің инспекторы Данил Нарынбаев жеңді, ІІІ орын КА-168/2 мекемесінің тінту тобының бақылаушысы Жандос Бақтыгереевке бұйырды, – дейді Ақтөбе облысы бойынша ҚАЖ департаментінің баспасөз хатшысы Гүлфайруз Төремұратова. 

Шаңғы сайысында І орынға ие болғандарға шаңғы спорт киімдері, ІІ орынды жеңіп алғандарға спорттық сөмкелер, ІІІ орын алған қызметкерлерге спортпен шұғылдануға арналған жабдықтар сыйға тартылды. Сонымен қатар, қоғамдық жарыстар және қоғамдық іс-шараларға белсенді араласып жүрген сала ардагерлері де ұмыт қалған жоқ.

 ҚАЖ саласының ардагерлері арасында ұйымдастырылатын жарыстарға белсене қатысып, аталған шаңғы тебу сайысының жоғары деңгейде өтуіне үлес қосқан ҚАЖ ардагерлер қоғамының мүшелері Әділхан Шалабаев және Әзидолла Мұқышев алғыс хатпен марапатталды.

Өзгелердің жаңалығы