Ақтөбеде Президент шыршасы өтті

27 Желтоқсан 2022, 19:01
1029
Бөлісу:
Ақтөбеде Президент шыршасы өтті

 Ақтөбедегі Президент шыршасына әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылармен қатар білім мен спортта жетістіктерге қол жеткізген оқушылар қатысты, деп хабарлайды BAQ.KZ. 
 

Ертегі еліне елітіп әкетер мерекелік бағдарламаны облыс мәдениеті саласының үздік ұжымдары әзірлеген. Әртістер жиналған әрбір бүлдіршінге жаңа жылдық көңіл күй сыйлап қана қоймай, сиқырлар әлеміне саяхат жасап та қайтты.

Дәстүрге орай шараға әлеуметтік аз қамтылған, көпбалалы отбасылармен қатар білім мен спортта жетістіктерге қол жеткізген оқушылар қатысты. 

Ертегі еліне елітіп әкетер мерекелік бағдарламаны облыс мәдениеті саласының үздік ұжымдары әзірлеген. Әртістер жиналған әрбір бүлдіршінге жаңа жылдық көңіл күй сыйлап қана қоймай, сиқырлар әлеміне саяхат жасап та қайтты.

Салтанатты шараға 9 бен 13 жас аралығындағы 200 жеткіншек арнайы шақырту алған. Әлеуметтік тұрғыдан әлжуаз отбасы балаларымен қатар білімде озат оқушылар, түрлі жетістікке қол жеткізген жас спортшылар да қатысты. Облыс басшысы ел Президентінің құттықтауын жеткізіп, оқушыларға кітап сыйға тартты. Балалардың банктегі есепшотына 100 мың теңгеден де аударылған.

Мерекелік шыршаға жиналған жеткіншектерді ақтөбелік әнші, еліміздің мақтанышы Димаш Құдайберген мен бірнеше дүркін әлем чемпионы Илья Ильин, «Бақытта бала» халықаралық әншілер байқауының жеңімпазы Давид Чарлин құттықтады.

Өзгелердің жаңалығы