Ақтөбеде өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам құтқарылды

10 Қараша 2023, 15:30
466
Бөлісу:
Ақтөбеде өз-өзіне қол жұмсамақ болған ер адам құтқарылды
Фото: ТЖМ

Оқиға орнына 6 құтқарушы мен 1 бірлік техника шықты, деп хабарлайды BAQ.KZ ТЖМ ресми сайтына сілтеме жасап.

9 қараша күні Мұғалжар ауданы, Қандыағаш қаласы, Жастық мөлтек ауданы мекен жайында орналасқан үйдің шатырында ер адам өз өзіне қол жұмсамақ болып, секірмек болғаны бойынша сағат 15:32-де «101» пультіне хабарлама келіп түсті.

Оқиға орнына 6 құтқарушы мен 1 бірлік техника шықты. Құтқарушылар оқиға орнына дереу жетіп 5 қабатты тұрғын үйдің шатырынан 1983 жылғы туылған ер адам шатырдан секіргісі келгенін анықтады.

Өрт сөндіру бөлімінің қарауыл бастығы Бекбаев Рустам пен бөлімше командирі Тажигулов Нурболат эмоциональды күйдегі 40 жастағы ер адамды алдымен сабырға шақырып, әңгімелесу жүргізіп, нәтижесінде бұл қадамға бас таруға көндіріп, өмірін аман алып қалды.

40 жастағы ер адам отбасындағы жанжал салдарынан осындай қадамға баруға шешім қабылдаған. Күйзелістегі ер адам полиция қызметкерлеріне тапсырылды.

Өзгелердің жаңалығы