Ақтөбеде коллекциялық монеталарды ұрлаған адам ұсталды

23 Қыркүйек 2022, 18:12
786
Бөлісу:
Ақтөбеде коллекциялық монеталарды ұрлаған адам ұсталды
PHOTO

21 қыркүйекте саяжай алаптарының бірінде пәтер ұрлығы орын алды. Белгісіз тұлға үйге кіріп 750 мың теңге сомасындағы ақша қаражатын, түрлі жылдардағы КСРО-ның коллекциялық монеталары мен алтын бұйымдарды ұрлап кеткен, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Полиция қызметкерлері осы қылмысты жасады деген күдік бойынша Қостанай облысының 42 жастағы тумасын ұсталды. Ұсталған азаматтың Ақтөбедегі тағы бір пәтер ұрлығына қатысы бар екені анықталды.

Ақтөбеде коллекциялық монеталарды ұрлаған адам ұсталды

 Сонымен қатар, ол пәтер ұрлығы үшін Қостанай облысындағы әріптестерімен іздестірілді. Полицейлер ер адамнан "Айфон 6" ұялы телефонын, 57 дана коллекциялық монеталарды, қалта сағатын тәркіледі.

 Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және осыған ұқсас пәтер ұрлығына қатыстылығы тексерілуде.

Өзгелердің жаңалығы