Ақтөбеде ферроқорытпа зауытында бес адам өндірістік жарақат алды

21 Маусым 2024, 00:50
592
Бөлісу:
Ақтөбеде ферроқорытпа зауытында бес адам өндірістік жарақат алды
Фото: astanatv.kz

Ақтөбеде ферроқорытпа зауытында оқыс оқиға болып, бес адам зардап шекті. Олардың денесін күйік шалған. Зауытта кокс шаңын түсіру кезінде қалпына келтіргіштің шаңы қысқа мерзімге тұтанған, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Кәсіпорын медбикесі жедел жәрдем қызметіне хабарласып, бес адамның күйіп қалғанын хабарлаған. 42 жастағы азаматтың беті және екі білегін термикалық күйік шалған. Алғашқы көмек көрсетілгеннен кейін ол үйіне жіберілді. Ал қалған төртеуінің қолдары күйген, қазір олар ауруханада ем алып жатыр, деп жазды Astana TV.

Күйік шалған науқастар жеткізілді. Азф зауытынан сол жерде жарылыс болып жұмыс кезінде бесеуі келді. Біреуі қаралып амбулаториялық емге жіберілді, жарақаты аз болғандықтан. Қалған төртеуін травматология бөлімшесіне жатқыздық. Жағдайлары орташа ауырлықта, ем домдарын қабылдап жатыр. Өмірлеріне қауіп жоқ, - деді облыстық көпсалалы аурухананың травматолог дәрігері Нұрлан Әбішев.

Өзгелердің жаңалығы