Ақтөбеде Елек өзенінде жаңа құтқару станциясы ашылды

Құтқарушыларға автокөліктердің кілттері табысталып, олардың біріне жаңа шен берілді.

 ТЖМ баспасөз қызметі 13 Қыркүйек 2026, 10:36
13 Қыркүйек 2026, 10:36
85
Фото: ТЖМ баспасөз қызметі

Төтенше жағдайлар министрі Мұрат Мұханов Ақтөбе қаласында облыстық жедел-құтқару жасағының құтқару станциясын ашты. Бұл туралы ведомствоның баспасөз қызметі хабарлады.

Салтанатты шараға Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаров, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері және азаматтық қорғау органдарының ардагерлері қатысты.

Құтқарушылар бұл жерде тәулік бойы кезекшілік атқарып, Елек өзенінің ағысымен жоғары қарай бес шақырымдық аумақты патрульдейді. Суға шығу үшін пирс жабдықталған. Ал станцияның өзінде арнайы техникаға арналған бокс, демалыс бөлмесі және асүй бар.

Суда жұмыс істеу үшін құтқарушыларға гидрокостюмдер мен сүңгуірлік құрал-жабдықтар берілді.

Сондай-ақ станцияның ашылу салтанатында құтқарушыларға автокөліктердің кілттері табысталып, қызметкерлердің біріне азаматтық қорғау майоры атағы берілді.

Мұрат Мұханов жеке құрамды жаңа станцияның ашылуымен құттықтады. Жаңа құтқару бекетінің символикалық кілті оның бастығына табысталды.

Станция облыстық бюджет қаражаты есебінен салынған.

Наверх