Ақтөбеде бөгеттің жарылу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді

4 Сәуір 2024, 16:53
358
Бөлісу:
Ақтөбеде бөгеттің жарылу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркелді

Ақтөбе облысының прокуратурасы Әйтеке би ауданындағы бөгеттің жарылу фактісі бойынша қылмыстық іс тіркеді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысының Әйтеке би ауданында ағымдағы жылдың 30 наурызында су тасқыны салдарынан «Щербаковское» бөгеті бұзылды.

Су басу қаупіне байланысты ауданның жергілікті атқарушы және уәкілетті органдарымен Т.Жүргенов атындағы ауылының тұрғындарын эвакуациялау туралы шешім қабылданды.

Барлығы 178 жеке тұрғын-үйлерден 927 адам (оның ішінде 215-і балалар) эвакуацияланып, 78 тұрғын-үйді су басып, 10 үй қирады.

Бөгеттің бұзылуынан Ырғыз өзені өз арнасынан шығып кетті.

Электр және газбен жабдықтау желілері зақымдануынан Жүргенов атындағы ауылы жарықсыз, сусыз және газсыз қалды.

«Щербаковское» бөгеті «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғи ресурстарды реттеу басқармасы» ММ-нің балансына тиесілі.

2023 жылы мемлекеттік сатып алу шарты негізінде, «Ақтөбе облысының табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасы» ММ (тапсырыс беруші) мен «СК Гранд каналы» ӨК (мердігер) арасында жасалған келісім-шартқа сәйкес, бөгетті жөндеу жұмыстары жүргізіліп, пайдалануға берілген.

Алайда, су тасқынының салдары тапсырыс беруші мен мердігердің тапсырған нысаны өзінің негізгі қызметін атқармай, тұрғындардың құқықтары мен заңды мүдделеріне сонымен қатар, Т.Жүргенов атындағы ауылының ұйымдарына елеулі зиян келтірді.

Орын алған мән-жайларды ескере отырып, Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданының прокуратурасымен Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 371-бабының 1-бөлігімен (салғырттық) қылмыстық істі СДТТБТ-не тіркеу туралы шешім қабылдады.

Қазіргі уақытта, тергеу әрекеттерін жүргізуді ұйымдастыру үшін қылмыстық іс, Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментіне жолданды.

Өзгелердің жаңалығы