Ақтөбеде әскерилер қар құрсауында қалған адамдарды құтқарып жатыр

9 Ақпан 2024, 08:25
397
Бөлісу:
Ақтөбеде әскерилер қар құрсауында қалған адамдарды құтқарып жатыр
Фото: скрин

Төтенше жағдай кезінде адамдарға көмек көрсету үшін «Батыс» ӨңҚ-ның 30238 әскери бөлімінен көп мақсатты көлік бөлінді, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Жол талғамайтын әскери көліктің экипажы облыс орталығынан 65 шақырым қашықтықтағы Ақжар кентінің маңында жұмыс істеп жатыр.
Қазіргі уақытта әскери қызметшілер 26 азаматқа көмек көрсетті. Көмек көрсеткендердің арасында екі айлық нәресте де бар, - деп жазылған Қорғаныс министрлігінің хабарламасында.

Мамандар құтқару жұмыстары алдағы уақытта да жалғасатынын айтады.

Алдағы күндері құтқару жұмыстары Бөгетсай-Қарабұтақ бағытына жылжитын болады. Жолаушыларды эвакуациялау жұмыстары әскери қызметшілермен бірге құтқару қызметкерлері және өңірлік жол полициясы қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі, -деп жазды ведомство.

Өзгелердің жаңалығы