Ақтөбеде арнаулы қызмет орталықтарының өкілдері жауапқа тартылды

17 Қыркүйек 2024, 17:07
300
Бөлісу:
Ақтөбеде арнаулы қызмет орталықтарының өкілдері жауапқа тартылды
Фото: BAQ.KZ -архив

Ақтөбеде арнаулы қызмет орталықтарының 12 лауазымды тұлғасы жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Бұл туралы облыстық тексеру комиссиясының төрағасы Қанат Кенжин айтып берді.

Оның айтуынша, биыл Ақтөбе қаласындағы №2 әлеуметтік қызмет көрсету орталығына жүргізілген аудиторлық тексерулер барысында мекеменің бухгалтерлік есебіндегі мәліметтер мен қоймадағы азық-түлік бойынша 1 025,0 мың теңгеге жетіспеушіліктер, сондай-ақ 12,9 мың теңгеге артықшылықтар анықталған.

Сонымен қатар мекеменің балансына демеушілік көмегімен алынған активтер мен азық-түлік түрлері кірістелмейтіні анықталды. Соның салдарынан барлығы 231,3 мың теңгеге бухгалтерлік есепке қалпына келтіру бұзушылықтары тіркелді. Жалпы, биыл арнаулы әлеуметтік қызмет көрсету орталықтарында 30 пайыз мөлшерінде зейнетақы төлемдері мен жәрдемақыларды жұмсау кезінде сыбайлас жемқорлық көріністеріне жол берілген. Жіберілген бұзушылықтар негізінде әкімшілік жауапкершілікті қарау үшін тиісті органдарға 15 материал жолданды. Бұл материалдар бойынша 12 лауазымды тұлғаға қатысты әкімшілік шаралар қабылданып, оларға 867,6 мың теңгеге айыппұл салынды, - дейді Қ.Кенжин.

Биыл Ақтөбе облысы бойынша тексеру комиссиясы 4 аудиторлық іс-шара аясында 34 нысанға тексеру жүргізген. Нәтижесінде 32 894 966,3 мың теңгеге бұзушылықтар анықталған. Оның ішінде қаржылық бұзушылықтар көлемі 3 064 893,9 мың теңге болса, тиімсіз жоспарланған бюджет қаражаттары мен активтерінің мөлшері - 19 115 263,6 мың теңге.

Жүргізілген бақылау іс-шараларының нәтижесінде биыл қайтаруға және қалпына келтірілуге жататын қаражат көлемі 3 064 893,9 мың теңгеге жетіп отыр, - дейді ол.

Өзгелердің жаңалығы