Ақтөбеде әкімшілік қызметкері бюджет қаржысын жымқырған

15 Шілде 2023, 15:34
1078
Бөлісу:
Ақтөбеде әкімшілік қызметкері бюджет қаржысын жымқырған
Фото: Арман Мухатов

Темір ауданында Ақсай ауылдық округі әкімдігінің бас маманы алаяқтық жасағаны үшін сотталды. Сот оны түрмеге қамап, 14 миллион , деп хабарлайдыBAQ.KZ diapazon.kz-ке сілтеме жасап.

Оның атқаратын қызметі бойынша әкімнің атынан қол қою құқығы бар, сонымен қатар ауылдық округ әкімінің электрон цифрлық қолтаңбасы да бар болып шықты. Ол 2020 жылғы сәуірден 2022 жылғы желтоқсанға дейін әкімнің ЭЦҚ кілті көмегімен бюджет ақшасын ұрлап, мемлекетке 14 миллион теңгеден астам шығын келтірген, - делінген айыптауда.

Оның 3 миллионы ауыл әкімдігі қызметкерлерінің іссапар ақысы мен жалақысын төлеуге деп алған. Ол серіктестіктермен және жеке кәсіпкерлермен заңсыз келісімшарт жасап, миллиондаған ақшаны жымқырған.

Темір аудандық соты оны 4 жылға бас бостандығынан айырып, жазасын орташа режимдегі колонияда өте туралы үкім шығарып, ұрлаған қаражатты мемлекетке қайтаруға міндеттеді.

Өзгелердің жаңалығы