Ақтөбеде 9 елді мекенмен жол қатынасы үзіліп тұр

12 Сәуір 2024, 15:14
239
Бөлісу:
Ақтөбеде 9 елді мекенмен жол қатынасы үзіліп тұр
Фото: Қазавтожол" компаниясының баспасөз қызметі

Бұл туралы Республикалық ақпарат штабының брифингінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Су тасқыны салдарынан облыстағы 9 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. Бірақ салыстырмалы түрде айтсақ, су тасқыны кезеңінде 17 елді мекен болған. Көлік қатынасын орнату жұмыстары жүргізіліп жатыр, - деді ол.

Әкім орынбасары су тасқынынан зардап шеккендердің тұрғын үйлерін бағалау жұмыстары басталып, қорытындылары алынып жатқанын айтты. Осыған орай, ауылдарда тұрғындарға төлемдер жасау жұмыстары басталды.

 

Өзгелердің жаңалығы