Ақтөбеде 156 млн теңгенің жері мемлекет меншігіне қайтарылды

20 Мамыр 2024, 19:28
377
Бөлісу:
Ақтөбеде 156 млн теңгенің жері мемлекет меншігіне қайтарылды
Фото: pixabay.com

Ақтөбеде прокурорлар мемлекеттік қорға 156 млн теңгеден астам сомаға жер учаскелерін қайтарды, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе қаласы прокуратурасымен жер телімдерін мақсатқа сай емес заңсыз беру дерегін анықталды.

Ақтөбе қаласы әкімдігімен қала тұрғынының біріне, бау-бақша ұжымында ғимараттар мен құрылыстар салу үшін аумағы 0,1 га жер телімі берілген.

Алайда, әкімдік берген учаске «Самара-Шымкент» халықаралық тас жолының бойына көшірілген, ал қаланың Бас жоспарына сәйкес бұл учаске жасыл аймақ болып табылады және ғимараттар мен құрылыстар салуға тыйым салынады.

Сонымен қатар учаскені көшіру кезінде 3,9 га кадастрлық құны 102 млн теңгені құрайтын қосымша жер учаскесі бөлінген. Қазір прокурорлық қадағалау шараларымен заңсыз берілген 6 га жалпы сомасы 156 млн теңгеден астам жер учаскелері мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасуда, - делінген ведомство хабарламасында.

Өзгелердің жаңалығы