Ақтөбеде дроп-карталарды заңсыз айналымға енгізген күдікті ұсталды, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Полиция қызметкерлері алаяқтардың азаматтардан алдап алған ақшалай қаражатын банк карталары арқылы қолма-қол ақшаға айналдырумен айналысқан күдіктіні қолға түсірді.
Тергеу барысында күдіктінің 18-25 жас аралығындағы жастардан банк карталарын 20–30 мың теңгеге сатып алып, кейін оларды үшінші тұлғаларға қайта сатқандығы анықталды. Аталған банк карталары алаяқтық жолмен алынған ақшалай қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру мақсатында пайдаланылған.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, осы банк карталары арқылы шамамен 10 миллион теңге көлеміндегі қылмыстық жолмен алынған қаражат қолма-қол ақшаға айналдырылған.
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қылмыстық іс бойынша қажетті тергеу әрекеттері жүргізілуде. Жыл басынан бері Ақтөбе облысында интернет-алаяқтық қылмыстарына қатысы бар 60-тан астам дроппер анықталып, ұсталды. Полицейлер олардың барлығына қатысты заң аясында тиісті шаралар қабылдауда, - деп хабарлады Ақтөбе облысының ПД баспасөз қызметі.
Ақтөбе облысы Полиция департаменті азаматтарға банк карталарын, банк шоттарын немесе олардың деректемелерін бөгде адамдарға беруге, сатуға немесе пайдалануға ұсынуға болмайтынын ескертеді. Мұндай әрекеттер қылмыстық схемаларға қатысу ретінде бағаланып, заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғуы мүмкін.
Еске салайық, бұған дейін ҚМА150-ден астам дропперді басқарған қылмыстық желіні әшкереледі.
Тағы оқи отырыңыз:
Картаңызға түскен ақша сізді қылмыскер етуі мүмкін бе?
Биыл 711 дропперлік жағдай анықталды. Қалай сақтанамыз?
"Жеңіл табыс" ұсынысы қылмысқа апаруы мүмкін – ІІМ ескерту жасады