Ақтөбе облысының ветеринариялық қызметінің паркі 29 автокөлікпен толықтырылды

25 Қараша 2022, 19:05
865
Бөлісу:
Ақтөбе облысының ветеринариялық қызметінің паркі 29 автокөлікпен толықтырылды

Бүгін өңірде Ауыл шаруашылығы қызметкерлерінің күні аталып өтілуде. Шараға ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері, қаржы институттарының басшылары, ауыл шаруашылығы саласының ардагерлері қатысуда, деп хабарлайды BAQ.KZ.

Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов Ақтөбе қаласы мен аудандардың ветеринарлық станцияларының басшыларына жаңа қызметтік автокөліктердің кілтін табыстады. 

Бұл жұмыс Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Қазақстан халқына арнаған «Халық бірлігі және жүйелі реформалар – ел өркендеуінің берік негізі» Жолдауындағы тапсырмасын орындау аясында жүзеге асырылуда. Облыста ветеринариялық станциялар мен пункттерді жабдықтау және материалдық-техникалық базасын жаңарту шаралары жүргізілуде. Бұл мақсатқа 336 млн. теңге бөлінді, - деп облыс әкімі бұл салада материалдық-техникалық базаны нығайту жұмыстары 2013 жылдан бері жүргізілмегенін айтты. 

Бөлінген қаражатқа Қазақстанда құрастырылған 29 «JAC S3» көлігі алынды. Қызметтік көліктер барлық аудандар мен Ақтөбе қаласындағы ветеринарлық станцияларға, ветеринарлық пункттерге беріледі.

Өзгелердің жаңалығы