Ақтөбе облысының тағы бір ауылына газ тартылды

23 Желтоқсан 2021, 21:10
1398
Бөлісу:
Ақтөбе облысының тағы бір ауылына газ тартылды

Нұр-Сұлтан, BAQ.KZ. Ақтөбе облысының Алға ауданындағы Еркін күш ауылын құны 31 млн теңгеден асатын газдандыру жобасын жүзеге асыру аяқталып, 45 тұрғын үй немесе 500-ден астам адам көгілдір отынмен қамтылды.

Газ құбырын іске қосуға арналған салтанатты шараға облыс әкімі Оңдасын Оразалин қатысты. Ауыл тұрғындары қуаныштарын жасырмады.

Бірнеше жылдан бері газ сұрап келеміз. Аудан әкімімен кездесуде қайтадан осы сұрақты көтергенімізде, ол: «шешеміз, облыс әкімі қолдап отыр» деген. Сондықтан сізге зор алғыс айтамыз. Биыл көшемізге жарық жүргізіліп, көрші Тамды ауылында асфальтталған жолдар салынып жатыр – мұндай біздің ауылдарда алғаш рет,- деп атап өтті Алға ауданының құрметті азаматы Талан Ескелдина.

Ауылдың басқа тұрғыны Альбина Оңғар жанұясы қыста көмір мен ағаш сатып алу үшін жылда 200 мыңға дейін жұмсағандарын айтады.

Оған қоса отынды қаладан әкелу үшін көлік жалдайтынбыз. Таңертең ұйқыдан тұрған бойда алдымен от жағамыз. Енді осының барлығы артта қалғанына қуанып тұрмыз,- дейді ол.

Айта кетейік, бүгінде облыс халқының 92,5%-ы газбен қамтылған. Газдандыру деңгейі жағынан біздің өңір республика бойынша бесінші орында. Тек осы жылдың өзінде 7,9 мыңнан астам халқы бар 14 елді мекен газдандырылды. Жыл соңына дейін 2 мыңдай адам тұрып жатқан тағы екі ауылды газбен қамту жоспарда бар. Nur Otan партиясының жол картасына сай 2025 жылға дейін облыстың 104 елді мекенін газбен қамту жоспарланып отыр.

Сол күні Алға ауданының Есет батыр ауылында жаңа дәрігерлік амбулатория ашылды. «Ауыл ел бесігі» мемлекеттік бағдарламасы аясында медициналық мекемені салуға және жарақтандыруға 103 млн теңге бөлінген.​ Бір қабатты ғимараттың жалпы аумағы 440 м2 Амбулатория тәулігіне қырық адамның келуіне арналған.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, жергілікті атқарушы органдар халық тұрмысының деңгейі мен сапасын көтеру бойынша түрлі шараларды қабылдауда. Соның ішінде, халыққа тұратын жерлері бойынша медициналық көмектің қолжетімділігін қамтамасыз ету үшін медициналық ұйымдар желісі кеңіп жатыр. Бұл жұмыс барлық аудандарда жүргізілуде. Осы жылы осындай жеті амбулатория пайдалануға берілді. Олардың бәрі де қажетті заманауи жабдықтармен қамтылған,- деп атап өтті облыс әкімі Оңдасын Оразалин.

Ауданға жұмыс сапары кезінде өңір басшысы Алға қаласында болып, Алға индустриалды-техникалық колледжінің күрделі жөндеуден өткен ғимаратын қарап шықты. 1985 жылы салынған ғимараттың шатыры, қасбеті, есік-терезелері, едендері, жылу және электр жүйелері жаңартылған. Бұл мақсатқа қаражат «Өңірлерді дамыту» мемлекеттік бағдарламасы бойынша бөлінген. Бұдан бөлек, оқу орнының материалдық-техникалық базасын нығайту жұмыстары жүргізілген.

Колледжде барлығы 217 адам автослесарь, тракторист-машинист, тігінші, аспаз сияқты төрт мамандық бойынша білім алып жатыр. Колледж директоры Нұргүл Ахметованың сөзінше, дуалды білім беру жүйесі енгізіліпті.

Үлкен проблемалардың бірі – білікті мамандар жетіспейді. Бір жағынан жастар жұмыссыз, бір жағынан кадр мәселесі. Және бұл барлық жерде сезіледі – ауыл шаруашылығында да, ірі өндіріс нысандарында да, шағын және орта бизнесте де. Бір Дөң кен байыту комбинатының өзінде 400-500 бос орын бар. Бүгінде біздің міндетіміз – материалдық-техникалық базаны нығайту. Жөндеу жүргізу, арнайы орта оқу орындарында барлық жағдай жасау, өйткені жастардың білім алуға ниеті бар және ол сапалы болу керек,- деді Оңдасын Оразалин.

Айта кетейік, биыл өңірдегі жер қойнауын пайдаланушылармен жасалған меморандумдардың аясында Ақтөбе облысында жеті колледждің материалдық-техникалық базасы жаңартылды. Осындай жұмыстар «Жас маман» бағдарламасы аясында жүргізілуде.

Өзгелердің жаңалығы