Ақтөбе облысының полицейлері жолдарда көмек көрсетуді жалғастыруда

8 Ақпан 2024, 21:08
387
Бөлісу:
Ақтөбе облысының полицейлері жолдарда көмек көрсетуді жалғастыруда
Фото: Скрин

Полицейлер әскерилермен бірлесіп, жолда тұрып қалған ауыр жүк көлігі жүргізушілерін жылыту пункттеріне жеткізу және көліктерді сүйреп шығару бойынша құтқару жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды BAQ.KZ.

 Полицияның мәлімдеуінше, тек Самара-Шымкент автожолының өзінен (Хромтау және Әйтеке би аудандары) бір күнде 20-дан астам адам жеткізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Ақтөбе облысында екінші күні қолайсыз ауа райы - қар жауып, боран соғуда.

Өзгелердің жаңалығы