Ақтөбе облысының көші-қон қызметі құжатсыз жүрген 137 адамға көмектесті

3 Ақпан 2023, 14:18
1249
Бөлісу:
Ақтөбе облысының көші-қон қызметі құжатсыз жүрген 137 адамға көмектесті

Ақтөбе облысы ПД көші-қон қызметі басқармасымен 2022 жылда облыс аумағында ұзақ уақыт жеке басын куәландыратын құжатсыз өмір сүрген 137 адамға көмектесті, деп хабарлайды  BAQ.KZ Polisia.kz-ке сілтеме жасап. 

Оның ішінде 117 адам Қазақстан Республикасының азаматы болған және 20 азаматтығы жоқ адамның куәлігі құжаттандырылды.

Қалыптасқан тәжірибеге сәйкес, құжатталмаған адамдар – көбінесе ТМД елдерінің жарамсыз төлқұжаттары бойынша елде болатын адамдар немесе 1974 жылғы үлгідегі КСРО тұлқұжаттарының иелері. 

Бұл ретте аталған адамдар мемлекеттік қызметтерді толық алу, медициналық мекемелерге жүгіну және жәрдемақылар құқығынан айырылады. Облыс аумағында құжатсыз тұратын адамдар Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларына сәйкес, олардық құқықтық мәртебесі айқындалатын (яғни, Қазақстан Республикасының азаматы не азаматтығы жоқ адам деп танылған) және тиісті адам рәсімделетін ішкі істер органдарына жүгінуге құқылы екендігін хабарлаймыз, - делінген ақпаратта.

Бұған дейін азаматтардың осы санатын құжаттау Қазақстан Республикасында тұрақты тұруға рұқсат беру рәсімінен кейін ғана мүмкін болатын, бұл ретте ұсынылуы мүмкін емес құжаттардың белгілі бір санын жинау талап етіледі. Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасының заңнамасына құқықтық мәртебесі жоқ ұзақ уақыт өмір сүрген адамдарды және жеке басын куәландыратын құжаттарды құжаттандыру рәсімін реттейтін өзгерістер енгізілді.

Өзгелердің жаңалығы