Ақтөбе облысындағы 11 елді мекенге уақытша тоқ беріліп отыр

12 Сәуір 2024, 15:19
280
Бөлісу:
Ақтөбе облысындағы 11 елді мекенге уақытша тоқ беріліп отыр
Фото: Видеодан кадр

Бұл туралы Республикалық ақпарат штабының брифингінде Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ тілшісі.

Қазіргі таңда 11 елді мекенде 172 абонент электр энергиясынан ажырап отыр. Дегенмен барлық тұрғындарға уақытша тоқ берілді. Электр қуатын қалпына келтіру жоспары құрылды. Осыған орай 7 күн ішінде жұмыстар аяқталады деп көздеп отырмыз, - деді әкім орынбасары.

Бірақ су тасқыны басталған күннен бүгінге дейін 44 елді мекен электр энергиясына қосылды. Асылбек Есенбаев Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша су тасқынынан зардап шеккендердің барлығына тиісті көмек беріліп жатқанын жеткізді.

Біржолғы әлеуметтік төлемді беру 6 сәуірден басталды. 681 отбасына 220 миллион теңге төленді. Қосымша 494 отбасының құжаттары қаралып жатыр, - деді ол.

Өзгелердің жаңалығы