Ақтөбе облысының Мәртөк ауданында «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында биыл екі спорттық сауықтыру кешені қолданысқа беріледі, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Айта кетерлігі өңірдегі мыңнан астам тұрғыны бар елді мекендердің барлығында мұндай нысан бар. Жыл соңына дейін Қаратоғай мен Родниковка ауылыда ашылуы тиіс. Бір үлгіде салынған ғимараттарда шағын футбол, волейбол, баскетболдан бөлек күрес пен үстел теннисі, шахмат пен дойбы, тоғызқұмалақ үйірмелері де жұмыс істейді.
Ал шағын ауылдарда вораут және ашық аспан астындағы ойын алаңдары бар. Бұл жайт қалың бұқараның дене шынықтыруды үрдіске айналдыруына жағдай жасаған. Қазір аудан тұрғындарының 40% жуығы спортпен шұғылданады.